«Kagazy Recycling» ЖШС компаниясындағы мансап

Компанияның табысқа жетуі оның командасының барлық мүшелерінің күш-жігерімен негізделген. Біздің компания – бұл ең алдымен біздің адамдар. Зауыттағы жұмысшылар, макулатура жинау орындарындағы қызметкерлер, әкімшілік-басқарма қызметкерлері – олардың барлығы бірлесе отырып «KagazyRecycling» ЖШС-ның қағаз өндірісінің толассыз жұмысын қамтамасыз етеді.

Біз командамыздың бір бөлігіне айналатын мақсатты, бастамашыл және жауапты адамдарды тартып отыруға әрқашан мүдделіміз. Біз бізбен бірге өз мәнсабын құрып отырғандардың алдындағы жаупкершілігімізді сезінеміз, сол себептен қызметкерлерімізге бойындағы қабілетін іске асыру мен өсу үшін керемет мүмкіндіктер ұсынамыз. Біз қызметкерлерімізге лайықты жұмыс жағдайларын, алдына күрделі, алайда қызықты міндеттер қойып және оларға бәсекеге қабілетті әлеуметтік жеңілдіктерді ұсынудың арқасында тұрақтылық пен қорғалғандық сезімін ұялатамыз.

Біздің командамызды алға қойылған мақсаттарға жылжып отыруға мүмкіндік беретін ортақ корпоративтік құндылықтар біріктіруде. Компанияның басшылығы өзара жұмыста құрметтік көзқарас атмосферасын құруға тырысады және біліктілігін, мотивацияны, әлеуметтік қорғалу дәрежесін арттыруға және біздің корпоративтік құндылықтарымызды ұстануға әрдайым қамданып отырады. Біз ұжым ішіндегі сындарлы қатынастардың дамуына және компанияға деген ниеттестік көзқарасты сақтауға ықпал ететін корпоративтік мәдениет деңгейін ұстап отыруға тырысамыз.

Егер де сіз «KagazyRecycling» компаниясымен бірге алға табысқа қарай жылжуға дайын болсаңыз, онда осы жерден бос вакансиялардың тізімін қарап шығуыңызға болады.