Kagazy Recycling Футбол тобы


Төрт жылдан бері компанияның кейбір қызметкерлері А футболдық Лигасында «Абылай» командасының құрамында жұмыс істеді. Алайда биылғы жылы компаниямызды барлық қалалық және республикалық жарыстарда танытып отыратын өзіміздің корпоративтік компандамызды құру туралы шешім қабылданған болатын. Команда жайғасымының өзгеруіне байланысты оның атауы да өзгерді – енді футболдық команда «KagazyRecycling» деп аталатын болады. Футболшылар командасын біріктіріп және шабыт беріп отыратын олардың бапкері Айдарбек Мамыров, оның бапкерлік тәжірибесі 40 жылды құрайды.

Компанияның өз футбол командасының пайда болуы – оның өміріндегі маңызды оқиға. Футбол – халықтық спорт, сол себептен де оған табынушылардың армиясы үлкен. Сондықтан «KagazyRecycling» компаниясы сияқты осындай ірі компанияның өз қызметкерлерінің қызығушылығын ескере отырып өз командасын құрғаны орынды жағдай. Спортпен айналысу қызметкерлердің ілгері жылжуы, жоғары нәтижелерге қол жеткізу және қызмет бабымен өсуі үшін қажет күштің қалпына келуіне ықпал етеді. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясаты аясында жылжи отырып Қазақстан Қағазының басшылығы өз қызметкерлеріне қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етуді ғана ойлап қана қоймай, сонымен қатар олардың бос уақытын өткізу және салауатты демалысы жайлы қам жеуде.