Орман қамқорлық кеңесінің сертификаттауы


FSC

Біздің ғаламшарымызда минут сайын жалпы көлемі 37 футбол алаңына тең болатын 26 гектар орман алқаптары кесіледі. Пәкістан, Сальвадор, Гана, Мадагаскар соңғы 25 жылда өз ормандарының 90 пайызын жоғалтты, ал Азияда ормандардың бастапқы алқабының 10 пайызы ғана сақталып отыр. Ғалымдар егер ормандарды отау одан әрі жалғасатын болса, онда ХХІ ғасырдың ортасына таман ғаламшардағы барлық жануарлар мен өсімдіктер түрінің төрттен бірі жойылады деп есептейді. Жаһандық шақыруға жауап ретінде жауапты басқаратын орман ресурстарынан басқа ресурстардың өнімін айыра тануға көмектесетін Халықаралық орман қамқоршылық кеңесінің (FSC, ForestStewardshipCouncil) ерікті орман сертификациясының механихмі болды.

FSC стандарттары бойынша сертификаттау

Орман қамқорлық кеңесі ормандық сертификаттау мен ормандарды жауапты басқару саласындағы тәуелсіз үкіметтік емес халықаралық ұйым болып табылады. Ұйым 1993 жылы Канаданың Торонто қаласында, әлемнің түрлі елдер мен түрлі экологиялық және өнеркәсіптік мекемелерін танытатын 130 қатысушысымен құрылды. FSC штаб-пәтері немістің Бонн қаласында орналасқан.

Қазақстан мен Орталық азиядағы алғашқы болып «KagazyRecycling» компаниясы 2012 жылдың желтоқсан айында Орман қамқорлық кеңесінің сертификатын алды. FSC сертификатын алу компанияның өнім өндіру үшін барлық кезеңдерде: дайындаудан дайын өнімді сатуға дейін сертификацияланған пайдаланылған шикізатты пайдаланады дегенді растайды. Шикізат ретінде өңделген макулатураны пайдалануға негізделген KagazyRecycling өндірісі өзінен өзі жауапты орман пайдаланудың кепілі болып табылады. Компания жыл сайын FSC бақылаулық орман аудитінен өтеді.

Компанияда FSC сертификатының болуы – айтарлықтай бедел. FSC белгісі бар өнімдер нарығы 30 миллиард долларға бағаланады, ал нарықтың осы «жасыл» секторының дамуы сертификатталмаған сектордың даму қарқыны тәртібінен асып түседі. 2014 ж. 21 ақпандағы жағдай бойынша әлемде 181,384 миллион гектар орман сертификатталған.

«KagazyRecycling» компаниясы қағаз өндіру үшін шикізат ретінде тек макулатураны ғана пайдаланады. Компания басшылығы өндірістің өңдеу бағыттарын кеңейтуді және экологиялық қалыпты тәжірибелерін пайдаланады және одан әрі ұстанады.

Орман қамқорлық кеңесінде әлеуметтік, экологиялық және экономикалық палаталарына кіретін шамамен 800 халықаралық мүше бар. Компаниялар – Орман қамқорлық кеңесі мүшелері ормансыздану әсерінен пайда болатын булану әсері, орман алқаптарының фрагменттелуі және биологиялық әртүрліктің қысқаруы секілді мәселелерді шешуге әрекеттенеді. Ағашты кесу автокөліктердің пайдаланылған газдардан гөрі климаттың өзгерілу көзқарасы жағынан қоршаған ортаға көбірек зиян алып келеді.

FSC стандарттары бойынша сертификаттау компания үшін маңызды оқиға болды. Бұл жағдай клиенттер мен іскерлік әріптестер, сонымен қатар қаржы институттары мен халықаралық бақылау ұйымдары жағынан сенім деңгейін көтерді. FSC сертификаттауы компанияның беделін көтерді және оған экологиялық әсерлі нарыққа қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Kagazy Recycling өз үлгісімен орман ресурстарын жауапты басқару идеясын алға жүргізуге нарықтарды итермелейтініне сенеді.