Going Green


Көптеген адамдар үшін ескі картон қораптар, оқылған журналдар мен журнал үстелінде жиналған газеттер – бар болғаны қоқыс. Әр кезде оларды қоқысқа тастағанда біз әлі де өмір сүруі және адамзатқа пайда әкелуі мүмкін ағаштардың өмірін тоқтатуға мәжбүрлеп жатқанымызды ойламаймыз.

Going Green Факттары:

2012 жылы «Kagazy Recycling» компаниясы макулатура жинау көлемін ұдайы көбейту мен Қазақстан халқын қалдықтарды сұрыптау мәдениетіне дағдыландыруға бағытталған GoingGreen әлеуметтік экологиялық жобасын бастады. Жоба аясында компания Алматы қаласы бойынша макулатура жинайтын бес бекет ашты.

Kagazy Recycling басшылығы GoingGreen жобасының дамуына өзінің уақыты мен қаржысын инвестициялауға құлықты, өйткені ол компания дамуының экологиялық жолын бейнелейді және жасыл экономиканы дамыту жөніндегі үкіметтік курсқа сай келеді. Жоба аясында компания өз алдына бірнеше мақсат қояды: жылына макулатура жинауды жүз тоннаға дейін көбейту, Қазақстан мен Орталық азиядағы алдыңғы қатарлы «жасыл» компания болу, Қазақстан бойынша жобаның серіктестік желісін құру. Күн сайын «Қазақстан Қағазы» өз мақсатына сенімді түрде жақындап келеді.

Қатысыңыздар:

Қазақстанның әрбір азаматы біздің жасыл бастамасына өз үлесін қоса алады және макулатура жинау жөніндегі жобаға атсалысуға мүмкіндігі бар.

Алматы қаласы бойынша макулатура жинау бекеттерінің байланысы:

«Ақсай» м/а 3А, Төле би көш. (Момышұлы көш. мен Яссауи көш. арасында) + 7 701-721-55-72
«11» м/а, Шаляпин көш. мен Алтынсарин көш. қиылысы ( «Палуба» базары) + 7 701-721-55-41
«4» м/а, 22-үй, («Сарыарқа» кинотеатрының маңы) + 7 701-721-55-31
Төле би көш. –Мирзоян көш. қиылысы («Стрела» дүкенінің маңы) +7 701-721-55-30
Тимирязев көш., 81 – Әуезов көш. қиылысы («Атакент» маңы) +7 701 -721-55-73

Макулатураның әр алуан түрлерінің бағасы:
Гофрокартон килограмы 20 теңге
Қағаз төлкелер килограмы 20 теңге
Ақ қағаз килограмы 20 теңге
Кітаптар килограмы 20 теңге
Газеттер килограмы 20 теңге
Целлофан (ЖҚП, ТҚП, полипропилен, стрейч) килограмы 15 теңге
Тетрапак килограмы 5 теңге
Полиэтилентерефталат (ПЭТ - бөтелкелер) килограмы 15 теңге
Алюминий құтысы килограмы 30 теңге
Шыны бөтелке/құты килограмы 5 теңге