Жаңалықтар


26 – 27 сәуір аралығында Астана қаласында EcoTech – Табиғатты қорғау технологиялары және «жасыл» инновациялар жөніндегі Орталық Азиялық 13-ші халықаралық көрме өтті.

Көрме «Жасыл» экономикаға және ҚР-ның негізгі экологиялық мәселелеріне арналды. Көрмеде өндірістің кең спектріне арналған жабдықтарды, қалдықтарды тазалау және басқару жүйелеріне арналған жабдықтарды өндіру жөніндегі жетекші отандық және халықаралық компания-қатысушылар ұсынылды. Макулатураны жинау және қайта өңдеу бойынша біздің эксклюзивті серіктесіміз – «Kazakhstan Waste Recycling» (KWR) ЖШС қайталама шикізатты қайта өңдеу бағытындағы жалғыз компания-қатысушы болды.

Бағдарлама шеңберінде жаңартылатын энергия көздерін дамыту перспективалары мәселелері, ҚТҚ мен өнеркәсіптік қалдықтарды жою проблемалары бойынша сессиялар сериясы өткізілді.

Биылғы жылы көрме өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері (ӨКМ) принципі мәселесі жөніндегі қызу пікірталаспен ерекшеленді. «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері ҚР-да қалдықтарды қайта өңдеудің алға бастырушысы ретінде» тақырыбына сессия өткізілді, оның модераторы ретінде ҚР Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаментінің директоры Нұрбеков Жан Иманғалиұлы сөз сөйледі.

Көрмеге келушілердің арасында сондай-ақ қайталама шикізатты шығару бойынша ынтымақтастық мүмкіндігімен қатар қалдықтарды кәдеге жарату мәселесіне де жоғары қызығушылық байқалды. Бастапқыда-ақ KWR Астанадағы бірнеше компаниялармен ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға қол жеткізген болатын.

«Kazakhstan Waste Recycling» ЖШС ҚР-да қайталама шикізатты ірі жинаушы болып табылатындығын еске саламыз. «Kagazy Recycling» ЖШС бірге жыл сайын 56 мың тоннадан астам макулатура жиналып, қайта өңделеді.

барлық жаңалықтар