Жаңалықтар


«Kagazy Recycling» ЖШС ардагерлерді құттықтауға қатысты

5 – 10 мамыр аралығында «Kagazy Recycling» ЖШС-ның қызметкерлері Алматы облысы Қарасай ауданының Ұлы Отан Соғыс ардагерлерінің әрбіріне сыйлық ретінде, өздерінде шығарылған қорапқа буып-түйілген азық-түлік жиынтығын және гүл шоғын сыйлай отырып, бетпе-бет құттықтады.

Өкінішке орай, бүгінде ардагерлердің көбі жасы ұлғайған адамдар, олар басқаларға қарағанда қамқорлыққа, жылы сөзге және қарапайым адами қарым-қатынасқа зәру.

Әсіресе көптеген ардагерлердің дін аман, рух-жігерлерінің көтеріңкі және соғыс жылдарындағы естеліктерімен, қызықты оқиғаларымен қызыға бөлісетіндіктерін көру қатты қуантты.

Kagazy Recycling ұжымы барлық соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейді.

барлық жаңалықтар