Жаңалықтар

1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күніне орай Нұрсұлтан Әбішұлы дүниеге келген және өскен Алматы облысының Шамалған ауылында «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ашылды

1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күніне орай Нұрсұлтан Әбішұлы дүниеге келген және өскен Алматы облысының Шамалған ауылында «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы М.Б. Қасымбеков және Алматы облысының әкімі Баталов А.Г. қатысты.

«Kagazy Recycling LLP» ЖШС бас директоры Виктория Горобцова және «Kazakhstan Waste Recycling LLP» ЖШС-нің Қайта өңдеу департаментінің директоры Алмұхамедов Ержан Алматы облысының Қарасай ауданының ірі бизнес өкілдері ретінде шақырылған, аса маңызды мәдени нысанның ашылу салтанатына қатысты.

Мұражайда Елдің әртүрлі мұражайларынан Президенттің жеке заттары ұсынылып,тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы туралы баяндайды. Жаңа мұражайда Президенттің кезінде киген киімін, шкаф, үстелін, шет елдік қонақтардың сыйға тартқан шахматы ел назарына қойылған.

Мұражайға келушілер Елбасының көптеген сирек портреттерін көре алады, балалық шақ пен студенттік кездегі фотосуреттерден бастап, американдық суретшінің Президентке ұсынған өнер туындыларымен аяқталады.

Мұражайдың екі залы Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаянына және Тәуелсіздік жылдарында Елбасының екі бастамасы бойынша ауқымды болған іс-шараға арналған.

барлық жаңалықтар