Жаңалықтар

6 желтоқсан күні Астанада еліміздің ең беделді марапаттары - Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының, "Парыз" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурстың, "Қазақстанның Үздік тауары" республикалық көрме-конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

"Kagazy Recycling" ЖШС ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында "Экологияға қосқан үлесі үшін" номинациясы бойынша үздік кәсіпорын деп танылды. Марапатты Бас директор Виктория Горобцоваға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев тапсырды.

Кәсіпорынның жұмыстағы және корпоративтік әлеуметтік пен экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыру нәтижелері үлгілі ретінде бағаланды. "Kagazy Recycling" ЖШС қағаз өндірісінің бірегейлігі – оның негізгі шикізаты макулатура болып табылады. "Kagazy Recycling" компаниясы - бұл макулатураны жинаудан бастап, дайын өнімді шығарғанға дейін толық өндіріс циклі бар тік интеграцияланған бизнес.

"Kagazy Recycling" ЖШС – бүкіл еліміз бойынша макулатураны жинау пункттері желісіне ие Қазақстандағы жалғыз компания. Жыл сайын 50 мың тоннадан астам макулатураны жинай отырып, "Kagazy Recycling" ЖШС шамамен 500 мың ересек ағаштарды немесе 10 шаршы километр орманды кесуден сақтайды.

Биылғы жылы конкурс "Парыз - 10 жыл жетістік" ұранымен өтті. Аталған іс-шара халықтың әл-ауқатын ары қарай жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдында өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктерін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

2017 жылы байқауға еліміздің жер-жерінен 400 үміткер қатысуға ниет білдірді. Жеңімпаздарға: "Үздік әлеуметтік-жауапты кәсіпорын", "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын", "Үздік ұжымдық шарт" және "Экологияға қосқан үлесі үшін" төрт номинация бойынша лауреат атағы берілді. Жеңімпаздар: шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі және ірі кәсіпкерлік субъектісі екі санат бойынша анықталды.

Бүгінгі күні "Парыз" сыйлығының лауреаттары 234 кәсіпорын болып табылады (2017 жылғы лауреаттарды ескергенде - 259 кәсіпорын), оның ішінде ірі кәсіпкерлік субъектілері - 108 кәсіпорын, орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері - 126 кәсіпорын. "Парыз" конкурсы өткізілген жылдар бойынша "Парыз" конкурсының қатысушылары жөніндегі деректерді талдау экономиканың түрлі салаларынан шыққан қазақстандық кәсіпкерлер арасында әлеуметтік жауапкершіліктің оң өсу динамикасын көрсетеді.

барлық жаңалықтар