Жаңалықтар

Міне 2018 жыл да келіп жетті, 17 жыл ішінде компания сан қилы және жарқын – гофроыдысты өндіруші әрі жеткізушіден бастап Орталық Азиядағы ең ірі қалдықтарды қайта өңдеу және қайталама ораманы өндіру зауытына дейінгі жолды бастан кешті.

KagazyRecycling алдағы жылы өндірістік міндеттерді орындаудан басқа, барлық қажетті нормативтік-техникалық стандарттарды ескере отырып, зауыт аумағында тазарту қондырғыларын салу үшін әлеуметтік және экологиялық маңызды жобаны жүзеге асыруды аяқтауды жоспарлап отыр.

Тазарту қондырғыларының құрылысымен танысу үшін KagazyRecycling Алматы облысының Экология департаментінің өкілі, бас мемлекеттік экологиялық инспектор А. Сарсенкуловты, сондай-ақ тазарту қондырғыларына арналған құрал-жабдықтарды өндіруші тарапынан жоба жетекшісі, Kauko International компаниясының өкілі Денис Соловьевты кездесуге шақырды.

Құрылыспен таныстыру барысында Kauko International фирмасының қолданылып жатқан қондырғыларына, сонымен қатар жабдықтарға, пайдалану шарттарына, қызметкерлердің дайындығына, қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттамалардың сәйкестігі көрсеткіштеріне қатысты сұрақтар талқыланды.

Kauko International компаниясының өкілі қызығушылық танытқан барлық сұрақтарға жауап беріп, компания осындай нысандарды салуда халықаралық тәжірибеге ие екендігін сендірді, сондай-ақ бүгінгі таңда Kauko International компаниясының күшімен осындай қондырғылар Ресейде, Мексикада, Финляндияда пайдалануға берілді деп мәлімдеді.

барлық жаңалықтар