Жаңалықтар

5 ақпанда біз өзіміздің 17-ші туған күнімізді атап өттік!

2017 жылдың қорытындысы бойынша Компания біз мақтан етуге тұрарлық рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді! Қағаз бен қатырма қағазды өндіру көлемі 58 348 тоннаға дейін, гофр өнімдерін сату көлемі 93 135 мың шаршы метрге дейін, ал Қазақстанда жиналған макулатура көлемі 49 484 тоннаға дейін ұлғайып, рекордтық көрсеткіштерге жетті.

Табысқа жетудің құпиясы неде? Ол қарапайым. Күнде өз жұмысыңды кешегіден де жақсырақ істеу.

Өткен жылы Компания «Өндірістің үздік қызметкерлері» жобасын іске қосқан болатын, осыған байланысты Компанияның туған күні қарсаңында өндірістің 10 үздік қызметкеріне (2017 жылдың екінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ) басшылық атынан адал еңбек пен мінсіз қызметтері үшін марапаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Команданың әрбір мүшесінің арқасында, кәсіби шеберліктің арқасында біз барлық қиындықтарды еңсеріп, дамудың жаңа белестеріне аяқ бастық.

Барлық қызметкерлер мен серіктестерді 17-жылдықпен құттықтаймыз! Барлықтарыңызға және әрқайсыларыңызға жеке-жеке Компанияның дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Сіздерге өздеріңізге және өз күштеріңізге сенуге, ал KagazyRecycling компаниясына дамып, осы жылдар ішінде қол жеткізген құндылықтар мен нәтижелерді сақтап, көбейте беруге тілектеспіз. Алдағы жұмыстарыңызда табыс, сәттілік пен жақсы көңіл-күй болсын!

барлық жаңалықтар