Жаңалықтар

 

Kagazy Recycling 2018 жылдың 7 айы бойынша қызметінің оң нәтижелері туралы хабарлайды.

Қазақстандағы және Орта Азиядағы макулатураны ірі қайта өңдеуші, қағаз және гофрокартон өндіруші болып табылатын «Kagazy Recycling» ЖШС зауыты 2018 жылдың 7 айы бойынша операциялық және қаржылық көрсеткіштерімен бөліседі.

Кәсіпорын тұрақты өсу жолын жалғастыруда. 2017 жылдың 7 айымен салыстырғанда өнім өндіру көлемі ағымдағы жылдың 7 айында 28%-ға өсіп, 61 528 млн. шаршы метрді құрады. Өнімді сатудан түскен түсім (табыс) 16%-ға артты, бұл нәтижесінде негізгі қызметтен түсетін пайданың 30% - ға өсуіне алып келді.

Сонымен қатар 2018 жылдың 31 шілдесіне активтердің құны 2017 жылдың 31-ші шілдесі  ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8%-ға немесе 2,05 млрд. теңгеге, оның ішінде компанияның меншікті пайдасынан қаржыландырылған құны 1,3 млрд. теңге су тазарту құрылысын салу есебінен ұлғайды.

«Kagazy Recycling» ЖШС зауыты «Қазақстан Қағазы» АҚ-ның 100% еншілес компаниясы болып табылатындығын естеріңізге саламыз, ол қазіргі уақытта ҚР Жоғарғы сотында Алматы облыстық сотының банкроттық туралы шешіміне шағым келтіруде.

«Қазақстан Қағазы» АҚ қазіргі уақытта топтың бұрынғы басшылары мен акционерлерге қарсы іс бойынша Лондон Жоғарғы Сотының оң шешімі бойынша ақша қаражатының түсуін күтуде.

Оның үстіне «Kagazy Recycling» ЖШС сондай-ақ «Қазақстан Қағазы» АҚ үшін ақшаның тұрақты көзі болып табылады, оларды Компания банкроттық туралы шешім жойылған жағдайда кредиторлар алдындағы міндеттемелерін өтеуге жіберуге ниетті. Оңалту Рәсімі кезеңінің өзінде ғана 2 млрд. теңгеден астам қаражат кредиторлардың пайдасына төленді. «Қазақстан Қағазы» АҚ-ның ірі кредиторлары арасында Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қоры және Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі бар.

 

барлық жаңалықтар