Жаңалықтар

 

Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі басшылық еткен делегацияның сапары

25 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Нұрлыбай Сәбит Нұрлыбайұлы басшылық еткен делегация бүгінгі таңда Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ыдыстық картонды, гофроқаптаманы және қағазды ірі өндіруші болып табылатын «Kagazy Recycling» ЖШС-на зауытына барды.

Бұл сапар Алматы қаласында 2018 жылғы 25-26 қыркүйек күндер аралығында өтетін «Қазақстанда коммуналдық қалдықтарды жинау және қайта өңдеу бойынша жаңашылдықтар мен жетістіктер. ТҚҚ сұрыптау және қайта өңдеу бойынша жаңа зауыттың ашылуы» атты семинар-мәжіліс аясында өтті.

Осы оқиғаның қатысушылары – орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, бизнес-құрылымдардың өкілдері, халықаралық және қоғамдық ұйымдар, қалдықтарды басқару мәселесіне мүдделі басқа да мамандар.

Делегация үшін зауыт бойынша экскурсия өткізілді, оның барысында қатысушылар өндіріс үдерісімен танысты.

Вице-министр сондай-ақ зауыт аумағында 2018 жылы ашылған су тазарту құрылыстарына барды. Бұл әлеуметтік маңызы бар жоба өндірісте таза суды тұтынуды қысқартуға және ағынды суларды тазалауға мүмкіндік береді.

«Kagazy Recycling» ЖШС шикізат ретінде өңделген макулатураны пайдаланады, оның басты жеткізушісі «Kazakhstan Waste Recycling» ЖШС болып табылады.

Делегация сондай-ақ Жолдасбеков пен Меңдіқұлов көшелерінің қиылысында орналасқан «Kazakhstan Waste Recycling» ЖШС-ның макулатура қабылдау пунктіне барды.

Сапар барысында компанияның өз қызметінде кездесетін негізгі мәселелері мен қиындықтары талқыланып, оларды шешу жолдары белгіленді.
Вице-министр қайталама шикізатты бөлек жинау мен сұрыптаудың, сондай-ақ оны одан әрі өңдеудің зор рөлін атап өтті.

 

барлық жаңалықтар