Жаңалықтар

 

26 қазанда Алматы облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев келді.

Сапар аясында Премьер-Министр Алматы облысының кәсіпкерлік қауымдастығымен кездесу өткізіп, онда ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру барысы талқыланды.

«Kagazy Recycling» ЖШС-ның Бас директоры Виктория Горобцова кездесуде Бақытжан Сағынтаевқа Қазақстанның аумағынан тыс жерлерге макулатуралық шикізатты шығаруға тыйым салуды ұзартудың маңыздылығы және бұл біздің өндіріске қалай әсер ететіні туралы айтып берді. Виктория 2016 жылдың қараша айынан бастап 2017 жылдың мамыр айына дейін әрекет еткен уақытша тыйым салу үшін алғыс айтып, біздің бастамамызды болашақта қолдауды сұрады. Премьер-Министр бұл бағыттағы жұмыстар жүргізіліп жатқанын және осы мәселенің шешімін күту ұзаққа созылмайтынын айтты.  

Сонымен қатар, Виктория кәсіпорын өз қызметкерлерінің жалақысын тұрақты түрде қайта қарастыратынын және мұндай ниет 2019 жылға да бар екенін айтты.

Дереккөздер:

  1. Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты: www.zhetysu.gov.kz.
  2. NUR.KZ: https://www.nur.kz/1760245-molodoj-predprinimatel-iz-almatinskoj-oblasti-podderzivaet-poslanie-elbasy.html
  3. Zakon.kz: http://www.zakon.kz/4943441-vsled-za-poslaniem-biznesmeny.html
  4. «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы http://atameken.kz/ru/news/30812-nuzhno-poruchit-atamekenu-bakytzhan-sagintaev-podderzhal-ideyu-provedeniya-rejtinga-akimov

 

барлық жаңалықтар