Жаңалықтар

 

2018 жылдың 31 қазанынан 02 қарашасына дейін Kagazy Recycling компаниясы «KazUpack 2018» көрмесіне қатысты

2018 жылдың 31 қазанынан 02 қарашасына дейін «Атакент» Қазақстан Іскерлік Ынтымақтастық Орталығында 16-шы Қазақстандық Халықаралық «Қаптама, ыдыс, заттаңба» - «KazUpack 2018» Көрмесі өтті.

Көрмеде Қазақстандың, Канаданың, Қытайдың, Ресейдің, Германияның, Түркияның және Чехияның жетекші өндірушілері мен жеткізушілері өздерінің жабдықтарын, технологияларын, қаптама материалдарын, және дайын бұйымдарын ұсынды.

Kagazy Recycling көрме стенді ең үздік стендтердің бірі болып аталды, себебі ол көрме қонақтарды және қатысушыларды қызықтырып олардың назарын аударды.

Көрме қонақтары компанияның Өнім дамыту және жетілдіру бөлімі арнайы осы көрмеге картоннан жасаған көркемөнер композициясына еркше қызығушылығын танытты.

Көрме аясында компанияның серіктестерімен және әлеуетті клиентерімен белесенді түрде келіссөздер мен кездесулер өткізілді, сондай-ақ жаңа іскерлік байланыстар орнатылды.

Сонымен қатар, Kagazy Recycling көрменің 31 қазанда өткен ресми кешкі қабылдауның демеушісі болды. Ұйымдастырушылар компания ұсынған өнімдерден барлық қабылдау қонақтарының назарын аудартқан өзіндік фотозона құрастырды.

 

 

барлық жаңалықтар