Біздің өнімдер

4 клапанды қорап:
сүш қабатты гофрокартоннан тұратын қаптаманың ең кең тараған түрі және оны кез келген өлшемде жасап шығаруға болады.

Қақпағы алынбалы қораптар:
құжаттарды мұрағатта сақтау үшін қолданылады, сондай-ақ жеке не болмаса көліктік қаптама ретінде қызмет етеді.

Сусығыш өнімдерге арналған науашалар:
өзінің жекедара қаптамасы жоқ бұйымдарды бос күйінде сақтау үшін қолданылады.

Сүт және өзге өнімдерге арналған науашалар:
күрделі қаптама, ол өнімді ұстап тұратын салынбадан және салынбаға арналған негізден тұрады. Әсіресе сүт өнімдері үшін (кілегей, йогурттар, қаймақ және т.б.) ыңғайлы.

Күшейтілген науаша:
картонының қатқылдығы жоғары және ыңғайлы ойық тұтқалары мен желдеткіш тесіктері бар конструкция, өздігінен құралады. Жеміс-көкністерді салу үшін кеңінен қолданылады.

Ашық типті науаша, қақпағы бар науаша:
жылдам тоңазыту үшін қолданылады. Көп қатар етіп қаттап қоюға шыдамды, ұстап көтеруге және өнімді желдетуге арналған тесіктері бар. Ет және шұжық өнімдерін тасымалдау мен сақтау үшін ыңғайлы.

Өзі құралатын қораптар:
әртүрлі конфигурациядағы габариті шағын қораптар. Пицца, шай және т.б. салу үшін қолданылады.

Өзі жайылатын қорап:
автоматтандырылған желідегі тетрапакеттік тауарларды салуға арналған.


Торламалар, аралық төсемелер, салынбалар:
өнімді қорғауға және жәшіктердің қырының қатқылдығын арттыру үшін 4 клапанды қораптарға толықтыру ретінде қолданылады.

Ернеулі табандық:
алкогольді және алкогольсіз сусындарды терможапқыш қаптамаға буып-түюге арналған негіз ретінде қолданылады.