Гофроқорап өндірісі


«Kagazy Recycling» ЖШС «Қазақстан Қағазы» компаниялар тобына кіреді. Kagazy Recycling Қазақстан мен Орталық Азиядағы орау өнімдері мен гофрокартон жасайтын ірі өндіруші болып табылады. Қазақстандағы компанияның нарық үлесі, оны елдің орау индустриясының сөзсіз көшбасшысы ететін, 50 пайыздан астамды құрайды.

Компания 2011 жылы «KAZNEX INVEST» ұлттық агенттігінен және орау ісі саласымен айналысатын отандық компанияларды біріктіру мақсатында құрылған «Атамекен» Одағынан» тұратын Қазақстанның ораушылар Ассоциациясында төрағалық етеді.

2001 жылдан бері гофроөнімдер нарығында табысты еңбек етіп келе жатқан «Kagazy Recycling» өнімдердің кез келген түрлеріне арналған гофроматериалдардың, гофрокартон мен орамдардың толық спектрін өндіреді. Компанияның бірегей ерекшелігі оның өз клиенттеріне қызметтің: гофрокартонды іріктеу, кез келген күрделіліктегі ораудың құрылымы мен графикалық дизайнын жасау, дайын өнімдерді жеткізудің палеттендіру схемаларын жасау мен оңтайлы тәсілін табу сияқты толымды спектрін ұсына алатындығында болып табылады. Kagazy Recycling өндірісінде Германияның, Францияның, Швецияның, Швейцарияның жетекші жабдықтаушыларының заманауи, жоғары сапалы жабдықтары қолданылады. Бұдан басқа, біздің мамандар өңделген талшық негізіндегі өнімдер өндірудің ең жақсы әлемдік тәжірибесін қолданады.

Компанияның абсолюттік бәсекелестік артықшылығы шикізат ретінде қайта өңделген макулатураны пайдалануы болып табылады. Kagazy Recycling өндірісінің осы бірегей сипаттамасы бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар миллиондаған ағаштарды кесілуден құтқаруға мүмкіндік береді. Экологиялық қауіпсіздік пен әлеуметтік бағыттылықтың жоғары ұстанымдарын сақтай отырып «Kagazy Recycling» компаниясы Қазақсан мен Орталық Азияда бірінші болып Халықаралық Орман қамқорлық кеңесінің (ForestStewardshipCouncil, FSC) сертификатын алды. FSC сертификатын алуы компанияның өнім өндіруде дайындаудан өңдеу мен сатуға дейінгі барлық кезеңдерде сертификатталған шикізатты пайдаланатындығын растайды.