Бірегей өндіріс циклі


Компанияның абсолюттік бәсекелестік артықшылығы шикізат ретінде қайта өңделген макулатураны пайдалануы болып табылады. Kagazy Recycling өндірісінің осы бірегей сипаттамасы бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар миллиондаған ағаштарды кесілуден құтқаруға мүмкіндік береді.

«Kagazy Recycling» ЖШС – бүкіл Қазақстан бойынша, сонымен қатар Ресейдің бірнеше қаласында макулатура жинау бойынша өкілдіктер желісі бар жалғыз отандық компания. Компания шамамен 500 мың ересек ағаштарды кесуден құтқара отырып, жыл сайын 50 мың тоннаға жуық макулатураны жинайды және қайта өңдейді. Компания макулатураның төмендегідей түрлерін қабылдайды: газеттер, журналдар, кітаптар, буклеттер, тетрапакеттер, тегіс және гофрирленген картондар (қораптар), сонымен қатар пластикалық шөлмектер.

Табиғи ағаш талшықтарынан қағаз өндіру ормандық қана емес, энергетикалық және су ресурстарын да, сонымен қатар атмосфераға буланған газдың шығуының өсуін қысқартуға мүмкіндік береді. Пайдаланылған шикізатты қолдану анағұрлым экологиялық бизнес-шешім болып табылады. KagazyRecycling компаниясының даму стратегиясы 2013 жылы Президент Назарбаев қабылдаған «жасыл экономикаға» өту жөніндегі Концепциясының негізгі баптарымен сәйкес келеді, негізі макулатураны қайта өңдеуге жататын біздің қағаз өндірісінің ерекшелігі экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік ұстанымдарымен көрінеді.

Өндіріс циклі: