"Табиғатты қорға - сәбиге қамқор бол" әлеуметтік экологиялық жобасы


"Табиғатты қорға - сәбиге қамқор бол" әлеуметтік экологиялық жобасы

2013 жылы көктемде Компания Америкалық сауда палатасымен ынтымақтастықта «ТАБИҒАТТЫ аялау – БАЛАЛАРҒА көмек» әлеуметтік экологиялық жобасын бастады. Жобаны компаниялар тобы қолдады – корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бойынша Жұмыс тобы құрамына кіретін Америкалық сауда палатасының мүшелері.

Жоба мақсаты:

Жоба мақсаты компанияның қағаз қалдықтарын қайта өңдеуге тапсыра отырып, анағұрлым «экологиялық» бизнес жүргізуі, ал макулатура қабылдаудан түскен қаржыны қайырымдылық мақсаттарына жұмсау болып табылады. Дұрысында, Қазақстанда қағаз қалдықтары қайта өңделу мүмкіншілігінсіз пайдаға асырылады. «ТАБИҒАТТЫ аялау – БАЛАЛАРҒА көмек» бастамасы өзіне компанияларға қағаз қалдықтарын пайдаға асыруда мәселелерін үнемді негізделген шешімді ұсына отырып, нақты әлеуметтік бағыттылықты үндестіреді.

Ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Кеңес» кешенді қалпына келтіру орталығына қолдау көрсету

Макулатура жинаудан түскен қаржылық қаражаттар «Кеңес» кешенді қалпына келтіру орталығына аударылады. «Кеңес» орталығы – ол 1992 жылы құрылған қоғамдық үкіметтік емес ұйым. «Кеңес» орталығында ерекше қажеттілігі бар ететін балалар оқи алады, өз қатарларымен қарым-қатынас жасай алады, үйірмелерге қатыса алады. Бұл оларға арнайы мекемелерде емес, үйлерінде ата-аналарымен тұруларына мүмкіндік береді. Мұнда барлығы 60 бала білім алады. Орталық өз тәрбиеленушілеріне өмірлік және еңбек дағдыларын дамыта отырып әлеуетін ашуға, қоғамға ықпал жасауға, дос табуға және толыққанды өмір сүруге көмектеседі.

Жобаға қатысудың басымдылығы:

Қағаз қалдықтарын өндіретін кез келген компания немесе мекеме жобаға қатыса алады. «Kagazy Recycling» компаниясына макулатура тапсыра отырып сіз ағаштарды кесілуден құтқарасыз және қоршаған ортаға қамқорлық жасайсыз. Макулатура жинаудан түскен қаражатты ерекше қажеттілігі бар балаларға аудара отырып, сіз мұқтаж жандарға көмектесесіз.

=================================================================================

Жобаға қалай қатысуға болады:

1. Макулатура депортаментімен сіздің кеңсеңізден макулатура алу туралы келісу үшін 8 701 716 17 10 телефоны арқылы байланысыңыз.

2. «Кеңес» кешенді қалпына келтіру орталығына қаражат аудару үшін келісімшартқа қол қоюға келісім жасаңыз.

3. Келісімшартқа қол қойғаннан кейін «Қазақстан Қағазы» сіздің кеңсеңізде қағаз қалдықтарын жинауға арналған контейнер орнатады. Макулатураны әрбір алған сайын оған төтенетін қаржы қайырымдылық мақсатына аударылатын болады.

4. Жоба сайтындағы қатысушылар тізіміне сіздің компанияның атын енгізу үшін Америкалық Сауда-Өнеркәсіп палатасын өзіңіздің жобаға қатысқаныңыз туралы elizabeth.macfarlane@amcham.kz электрондық поштасы бойынша хабардар етіңіз.

Егер сіздің компанияңыз шағын және көп көлемдегі қағаз қалдықтарын шығармайтын болса, сіз өз кеңсеңіз орналасқан бизнес-орталық басшылығының жобаға қатысуына ұсыныс жасай аласыз. Компания осы жоба бойынша бірнеше бизнес-орталықтармен жұмыс жасайды.